АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ АҚМОЛ АУЫЛЫНЫҢ "ЖҰЛДЫЗ" БАЛАБАҚШАСЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ЖУЛДЫЗ" СЕЛА АКМОЛ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Мектепалды сынып педагогінің кәсіби қызметі: жоспарлау, ұйымдастыру және практикалық тәсілдер» педагог қызметкерлеріне арналған ауданаралық семинар-практикум

01.10.2026

Мектепалды сынып педагогтерінің кәсіби қызметін нормативтік талаптарға сәйкес ұйымдастыру, тиімді жоспарлау тәсілдерін көрсету, тәрбиелеу-білім беру процесінде қолданылатын практикалық әдіс-тәсілдермен таныстыру және педагогтер арасында тәжірибе алмасуды ұйымдастыру.

Семинардың міндеттері

•          мектепалды сынып қызметін ұйымдастырудың нормативтік негіздерін түсіндіру;

•          педагогтің жоспарлау жұмысын нақтылау;

•          тәрбиелеу-білім беру процесін тиімді ұйымдастыру жолдарын көрсету;

•          балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдану;

•          ойын, шығармашылық, зерттеу және танымдық әрекеттерді ұйымдастыру үлгілерін көрсету;

•          педагогтердің өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау.

Семинардың ашылуында мектепалды даярлықтың бала өміріндегі маңызы, педагогтің кәсіби қызметі және тәрбиелеу-білім беру процесін тиімді ұйымдастыру мәселелері атап өтілді.

Нормативтік бөлімде балабақша әдіскері Нысанова П.Б. «Мектепалды даярлық сыныптарының қызметін ұйымдастыру тәртібі және тәрбиелеу-білім беру процесінің мазмұны» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама барысында мектепалды даярлықты ұйымдастырудың нормативтік негіздері, оқу жүктемесі, ұйымдастырылған іс-әрекеттердің бағыттары, педагогтің негізгі міндеттері және балалардың мектепке дайындығын қамтамасыз ететін дағдылар қарастырылды.

Сонымен қатар педагогтерге А.М. Айкелова «Akmola.kz жүйесінде жұмыс жүргізу» тақырыбында практикалық ақпарат ұсынды. Баяндамада баланы кезекке қою, ваучер алу, мектепке дейінгі ұйымға қабылдау және электрондық табельмен жұмыс жүргізу тәртібі түсіндірілді. Жүйеге мәліметтерді уақтылы және дұрыс енгізудің маңыздылығы атап өтілді.

Семинар-практикумның практикалық бөлімінде қатысушылар мектепалды және мектепке дейінгі топтардағы ұйымдастырылған іс-әрекеттерге қатысып, педагогтердің жұмыс тәжірибесімен танысты.

Атап айтқанда:

•          «Балапан» мектепалды тобында тәрбиешілер Д.А. Ермекбаева, Р.С. Амиржанова «Дыбыстар әлемі» тақырыбында сауат ашу негіздерінен ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетті;

•          «Құлпынай» ересек тобында тәрбиешілер А.А. Муратбаева, А.И. Рамазанова «Күз кереметі» тақырыбында кіріктірілген іс-әрекет ұйымдастырды;

•          «Балбөбек» ересек тобында тәрбиеші А.С. Нажмиденова «Қамқор» жобасы аясында Қарттар күніне арналған «Әжем мен атама сыйлығым» атты көрме ұйымдастырды;

•          «Айгөлек» орта тобында «Ойын арқылы баланың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетілді.

Практикалық жұмыстар барысында педагогтер балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ойын, шығармашылық, танымдық және зерттеу әрекеттерін ұйымдастырудың тиімді тәсілдерімен танысты.

Қорытынды

Семинар-практикум барысында мектепалды сынып педагогінің кәсіби қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және практикалық тұрғыда жүзеге асыру мәселелері жан-жақты қарастырылды.

Қатысушылар нормативтік талаптармен танысып, тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастырудың тиімді жолдарын талқылады, заманауи әдіс-тәсілдерді тәжірибе барысында көріп, өзара кәсіби тәжірибе алмасты.

Семинар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге, тәжірибелік білімдерін толықтыруға және мектепалды даярлық сапасын арттыруға бағытталған әдістемелік алаң ретінде ұйымдастырылды.

Ауданаралық семинар-практикум өз мақсатына жетіп, қатысушыларға мектепалды даярлық жұмысын тиімді жоспарлау, ұйымдастыру және балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес практикалық әдіс-тәсілдерді қолдану бағытында қажетті әдістемелік қолдау көрсетті.

Просмотров: 47


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст