Текст
28.05.2026
Балабақшамызда мектепалды даярлық тобы тәрбиеленушілеріне арналған «Балабақшамен қоштасу» мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды. Мереке барысында бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Тәрбиешілер мен ата-аналар балаларға ақжарма тілектерін білдіріп, алдағы мектеп өмірлеріне сәттілік тіледі. Бұл күн бүлдіршіндердің балабақшадағы қызықты да бақытты кезеңімен қоштасып, жаңа өмір белесіне қадам басқан ерекше сәт болды. ✨📚🏫