Текст
13.05.2026
Балалардың мектепке деген қызығушылығын арттыру, болашақ оқу ортасымен таныстыру мақсатында мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері мектепке саяхат жасап қайтты.
Саяхат барысында бүлдіршіндер мектеп ішін аралап, сынып бөлмелерімен, кітапханамен және оқу үдерісімен танысты. Балалар ерекше әсер алып, мектеп өміріне деген қызығушылықтары арта түсті.
Осындай танымдық кездесулер балабақша мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, бүлдіршіндердің жаңа ортаға бейімделуіне үлкен ықпал етеді.
Болашақ оқушыларымызға сәтті қадам тілейміз! 📚✨