Текст
28.04.2026
Мектепалды даярлық топтары арасында «Білім әлеміне саяхат» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тәрбиеленушілер білімдерін ортаға салып, логикалық тапсырмалар орындап, тапқырлықтары мен белсенділіктерін көрсетті. Ойын балалардың танымдық қызығушылығын арттырып, білімге деген ынтасын нығайтуға ықпал етті.