22.04.2026
22 сәуір күні мектепалды даярлық топтар ашық қорытынды ұйымдастырылған іс-әрекеттерін жалғастырды.
«Айгөлек» тобының тәрбиешісі Ахметова А.Х. « Сөз маржаны ұлттық қазына» тақырыбында іс-әрекет өткізді. Мақсаты: дыбыс, буын, әріп туралы түсінік беру, сөздерге дыбыстық талдау жасау буынға бөлуге үйрету.Ана тіліне деген құрметін арттыру. Іс-әрекет барысында балалар сандықтан шыққан асықтарды түстеріне қарай алып, топтарға бөлінді. «Дыбыстар әлемі», «Суреттер сөйлейді», «Буын шеберлері», «Әріптер сыры», «Сөз маржаны» атты қызықты тапсырмалар орындады.
«Балбөбек» тобының тәрбиешісі Муратова Ж.Е. «Көктем кереметтері» тақырыбында іс-әрекет ұйымдастырды. Мақсаты: геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту, тура және кері санауды бекіту, кеңістікте бағдарлау.
Ұйымдастыру кезеңінде балалар гүл шоқтары арқылы математикаға қатысты сұрақтарға жауап берді, кейін тура және кері санау арқылы топ бөлмесіне негізгі бөлімге өтті, іс-әрекетке белсенділік танытып, сиқырлы сандықтан берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.
«Колобок» тобында тәрбиеші Шарипова Л.Г. «В гости к АБВГДейке» тақырыбында іс-әрекет ұйымдастырды. Мақсаты: ғарыш туралы білімдерін кеңейту, дыбыстық талдау, буынға бөлу, сызба бойынша сөйлеу құрау дағдыларын нығайту. Балалар ғарыш тақырыбында алынған сөздерге талдау жасап, сөйлем құрады, шығармашылық жұмыс жасады.