«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад «Жулдыз» села Акмол при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепке дейінгі ұйымдарда құзыреттілік орталығы арқылы педагогтердің кәсіби дамуын жетілдіру» тақырыбында облыстық семинар-практикум

07.04.2026

Облыстық білім бөлімінің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы МКҚК «Мектепке дейінгі ұйымдарда құзыреттілік орталығы арқылы педагогтердің кәсіби дамуын жетілдіру»        атты семинар өтті. Семинарға құзыреттілік орталықтар, білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының меңгерушілері,  тәрбиешілер, шектеулі мамандары қатысты.

    Кіріспе сөз:  Сөз алған Ақмола  облысы әдістемелік орталық әдіскері Жунусова Жанар Жунысбековна қазіргі білім беру жүйесінде мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің кәсіби дамуы – сапалы білім мен тәрбие берудің негізгі кепілі болып табылады. Целиноград ауданы бойынша екі құзыреттілік орталық жұмыс жасайды. «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы МКҚК, Талапкер ауылының «Әсем -Ай» бөбекжай МКҚК құзыреттілік орталығы ретінде тығыз байланыста жұмыс жүргізіп келеді. Осы орайда құзыреттілік орталықтарының рөлі ерекше маңызға ие. Олар педагогтердің біліктілігін арттыруға, заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеруіне және тәжірибе алмасуына тиімді алаң қалыптастырады. Ақмола облысы әдістемелік орталығы мектепке дейінгі білім беру саласындағы жаңашылдықтарды қолдап, педагогтердің кәсіби өсуіне жүйелі түрде жағдай жасап келеді. «Мектепке дейінгі ұйымдарда құзыреттілік орталығы арқылы педагогтердің кәсіби дамуын жетілдіру» тақырыбы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар – осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі.

Бұл бастама педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, білім беру сапасын жақсартуға және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңғыртуға ықпал етеді. Сонымен қатар, тәжірибе алмасу, инновациялық идеяларды енгізу және үздік педагогикалық практикаларды таратуға мүмкіндік береді.

 Алдағы уақытта да әдістемелік орталық педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамытуға, кәсіби шеберлігін шыңдауға және білім беру жүйесінің дамуына өз үлесін қоса береді деп сенеміз.

2. Тәжірибелік бөлімде келесі ұйымдастырылған іс-әрекеттер көрсетілді: Жупархан Серикгул Беркимбаева және Арайлым Сарсембековна –«Шығармашылық ойындар арқылы балалардың танымдық дағдыларын дамыту» тақырыбында кіріктірілген іс-әрекет көрсетті. Габидуллина Анара Ануарбековна – «Секір, ойна, зертте!» тақырыбында джампинг батуттағы спорттық-танымдық шоу ұсынды.Таменова Жанар Ильясовна және Кашкимбаева Даметай Ниязгалиевна – «Ата кәсіп – асыл мұра» тақырыбында ұлттық құндылықтарға бағытталған іс-әрекет өткізді. Джакупбаева Анар Акановна – «Табиғатты аялайық» тақырыбында экологиялық бағыттағы іс-әрекет көрсетті. Бекмуханбет Данияр Меиирханұлы – «Ғажайып спорт әлемі» тақырыбында спорттық кіріктірілген іс-әрекет ұйымдастырды. Жуманова Нургуль Калабаевна және Жумабаева Сауле Тайрановна –«Ұлттық бұйымдар-асыл мұра»  тақырыбында тәжірибе бөлісті; Калиева Клара Айкеновна және Смагулова Айнагуль Айтбаевна – «Ауылға саяхат» тақырыбында кіріктірілген іс-әрекет көрсетті; Жумагамбетова Гульмира Кайруллиевна және Искакова Акгул Бекеновна – «Қаржы қаласындағы музыкалық квест» тақырыбында заманауи форматтағы іс-әрекет өткізді.

Шебер сыныптар:

Искиндирова Айжан Қайратқызы – «Арт терапия тәсілі арқылы саз балшықпен ойын әдістерін тиімді қолдану» тақырыбында шебер сынып өткізді.  Акниязова Гүлманат Маратқызы – «Ойнай отырып ойлаймыз: интеллектум ойындарының құпиясы» тақырыбында шебер сынып көрсетті.

3. Семинардың қорытынды бөлімінде қатысушылар семинар бойынша өз пікірлерін айтты. Кері байланыс QR  код арқылы білдірді.

 

 

Просмотров: 29


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст