Текст
16-наурыз күні «Жұлдыз» балабақша ұжымы «Қайырымдылық жылы жүректен» тақырыбында қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Іс-шараның мақсаты – қамқорлыққа мұқтаж отбасыларға, жалғыз басты зейнеткерлерге және мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсетіп, оларға шынайы шаттық сыйлау.Шара барысында ұжым мүшелері тарапынан көмек көрсетіліп, қажетті заттар мен сыйлықтар табысталды. Бұл бастама балалар мен ересектердің бойында мейірімділік, жанашырлық және қайырымдылық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталды.