23.02.2026
Балабақшада «Педагог және Заң» тақырыбында ақпараттық сағат өтті. Іс-шараның мақсаты – педагог қызметкерлерді Қазақстан Республикасының білім беру саласына қатысты заңнамаларымен таныстыру, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, сондай-ақ кәсіби жауапкершілікті арттыру.
Ақпараттық сағат барысында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі бекіткен нормативтік-құқықтық құжаттар, соның ішінде Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы және Педагог мәртебесі туралы заң талаптары кеңінен түсіндірілді. Педагогтердің еңбек құқықтары, әдеп нормалары, кәсіби қызметтегі жауапкершілігі жөнінде айтылды.
Сонымен қатар, қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, нақты жағдайлар бойынша сұрақ-жауап жүргізілді. Іс-шара соңында педагогтер өз ойларымен бөлісіп, құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Мұндай ақпараттық кездесулер ұжымның бірлігін нығайтып, заң талаптарын сақтай отырып сапалы білім мен тәрбие беруге негіз болады.