«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад «Жулдыз» села Акмол при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мектеп жасына дейінгі балаларда экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру» тақырыбында аудандық семинар

13.02.2026

Целиноград ауданында экологиялық тәрбиеге арналған мазмұнды семинар өтті.
Ақмол ауылындағы «Жұлдыз» балабақшасында «Мектеп жасына дейінгі балаларда экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан әдіскерлері, балабақша меңгерушілері мен педагогтар қатысты.

Семинар аясында педагогтар өз тәжірибелерімен бөлісіп, ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттер көрсетті:
* Габидуллина Анара Ануарбековна – «Секір, ойна, зертте!» (джампинг батут)
* Жунусова Айдана Бекенқызы – «Көңілді қадам»
* Насырова Альбина Болатқызы – «Табиғат біздің досымыз»
* Амиржанова Риза Сейталақызы – «Су тіршілік көзі»
* Апсаматова Асия Нурхамитовна – «Еңбекқор аралар»
* Ахметова Айдана Хасеновна – «Жасыл әлем»
* Джакупбаева Анар Акановна – «Жер ана»
* Нажмиденова Акбота Серикбаевна – «Энергияны үнемдеу»
* Шарипова Людмила Григорьевна – «Земля – наш общий дом»
* Биртаева Нургуль Баймухановна – «Қысқы орман қандай жақсы»
* Жүнісова Айнұр Бексұлтанқызы, Шерниязданова Айсулу Владимировна – «Жануарлар әлемі»
* Габидуллина Анара Ануарбековна, Заит Аяжан Боранбаевна – ЕББҚ ететін баламен жеке адаптивті дене тәрбиесі
* Калиева Клара Айкеновна, Биртаева Нургуль Баймухановна – «Логоритмика: Музыка мен қимылдың интеграциясы»
Семинар барысында экологиялық тәрбие берудің заманауи тәсілдері талқыланып, тиімді педагогикалық тәжірибелер ұсынылды. Іс-шара нәтижелі өтіп, қатысушылар кәсіби шеберліктерін арттырды. 🌿

Просмотров: 651


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст