28.01.2026
«Жұлдыз» балабақшасына «Менің әкем – полиция қызметкері» республикалық сурет көрме -байқауына балабақша тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналары белсене қатысты. Байқаудың негізгі мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, полиция қызметкерлерінің қоғамдағы рөлін насихаттау, сондай-ақ ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Байқау барысында балалар ата-аналарымен бірлесе отырып, сурет салу арқылы әкелерінің қызметін, ерлік еңбегін және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызын бейнеледі. Ұсынылған жұмыстар мазмұндылығы мен шығармашылық ерекшелігімен көзге түсті.Аталған іс-шара балалардың патриоттық сезімін қалыптастыруға, ата-ана мен балабақша арасындағы өзара байланысты арттыруға ықпал етті.