25.12.2025
Біздің балабақшада ортаңғы топ тәрбиеленушілері арасында “Көгершін”, “Құлпынай”, “Алтын ұя”, “Ақ бота” топтарының қатысуымен көңілді де әсерлі Жаңа жылдық ертеңгіліктер ұйымдастырылды.
Балалар Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алып, ән айтып, би билеп, тақпақтарын мәнерлеп оқыды. Мерекелік шарада бүлдіршіндердің өнері мен шат-шадыман күлкісі баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Ертеңгілік соңында балаларға Жаңа жылдық сыйлықтар табысталып, ұмытылмас әсер қалдырды.
Осындай тамаша мерекелік сәттер балалардың жүрегінде ұзақ сақталары сөзсіз!