Текст
«Жаз да келді, көңілді» апталығына сәйкес «Сабын көпіршіктері» күні ұйымдастырылды. Таза ауада балалар көпіршіктермен ойнап, түрлі қимылды ойындарға қатысып, ептілік пен шапшаңдықтарын көрсетті. Медициналық кабинетке саяхатқа барып, балабақшада және үйде жеке бас тазалығын сақтау туралы әңгіме жүргізді. Сонымен қатар дәстүрден тыс сурет салу техникасымен "Тамшылар" суретін салды, «Жедел жәрдем» театрландырылған ойынын, «Дәрігер» сюжетті-рөлдік ойынын ойнады.