Текст
Балабақшамыздың «Алтын ұя», «Балбөбек», "Смешарики", "Ақ бота"және "Құлпынай" мектепалды даярлық топтарында қоштасу ертеңгіліктері өтті.
Балалар бірнеше жыл бойы алған біліктерін, ой-өрістерінің жемісін, өнерлерін ортаға сала отырып, алғашқы ұстаздарына жылы лебіздерін білдірді. Қонаққа келген кейіпкерлер балалардың көңілдерін көтерді, барлығы бірге ойын ойнады, биледі, қызықты еске алу сәттерге саяхат жасады. Балабақша әдіскері жас түлектерді мектеп өміріне қадам басуларымен құттықтап, алғашқы дипломдарын тапсырды.
Сәт сапар, жас түлек -2025!