Текст
Мақсаты мен міндеттері:
Мектепке дейінгі білім беру ұйымының тәрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара қарым-қатынасы мен ынтымақтастығын жетілдіру үшін оңтайлы жағдайлар жасау. Сенім, ынтымақтастық және кәсіби қолдау негізінде тәрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара қарым-қатынасқа қатысты педагогтердің ішкі ұстанымын әзірлеу. Ата-аналармен жұмыс жасауда әртүрлі әдістерді, жаңа нысандар мен технологияларды қолдану мүмкіндіктері мен шарттары туралы педагогтердің теориялық идеяларын қалыптастыруға ықпал ету. Ата - аналармен жұмысты жандандыру, отбасын тәрбие-білім беру процесіне қатысуға тартудың жаңа жолдарын іздеу.