«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад «Жулдыз» села Акмол при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақылды бала–ел болашағы!» атты интеллектуалды ойыны

29.04.2025
Сәуірдің 29 күні педагог-психолог Г.Х.Джунусова мектепалды даярлық «Балбөбек», «Алтын ұя», «Ақ бота», «Құлпынай» , «Смешарики» топтары арасында «Ақылды бала – ел болашағы!» атты интеллектуалды ойынын өткізді.
Ойынның мақсаты: Балалардың танымдық, коммуникативтік, шығармашылық, денсаулық және әлеуметтік дағдыларын дамыту, ұжыммен жұмыс істеуге баулу, балалардың білімдерін, ептіліктерін, тапқырлықтарын анықтау. Балалардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау. Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары интеллектуалдық балалардың дарынын ашу, белсенділіктерін арттыру, білімдерін көтеру.
Ойын шартына сәйкес топ балалары түрлі тапсырмаларды орындады:
1-ші кезең «Сөз шебері»: мақал-мәтелдің жалғасын табу, жұмбақ шешу.
2-ші кезең «Білгіштер бәйгесі»: «Төртіншісі артық», «Сандарды сәйкестір», «Кім жүйрік».
3-ші кезең «Қиял әлемінің суретшісі», «Бейнені қайтала», «Үлгі бойынша құрастыр» басқатырғыш, стакандармен ойын «Ойлан да, ойна».
4-ші кезең «Ізгі жүрек достық кілті»: «Не істер едің?», «Эмоцияны ата», «Мен жақсы көремін....».
Әділ-қазы алқасы балалардың сұраққа толық жауап беруін және тапсырманы дұрыс орындауларын ескеріп, оларды «Көшбасшы-2025», «Дарынды бала», «Зерек бала», «Тапқыр бала», «Алғыр бала» номинацияларымен марапаттады.
Просмотров: 38


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст