12 мамыр күні балабақшада мектепалды даярлық топтарының ата-аналарына онлайн тәртібінде жиналыс өтті.
Мақсаты: мектепалды даярлық тобының ата-аналарына мектепке дайындық туралы кеңес беру.
Жиналысқа ата-аналар, балабақшаның әдіскерлері, педагог-психолог, логопед, мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
№5Ақмол орта мектебінен қатысқан оқу ісінің орынбасары Касенова З.Ж. мектепке қандай құжаттарды тапсыру қажет, сабақ кестесі, бірінші сынып мұғалімдері, оқу құралдары туралы айтты. Балабақшаның әдіскері Нысанова П.Б. баланың мектепке бейімделу мәселесі, логопед Мейрханова Г.Ж. үй жағдайында «Р» дыбысын қалай шығаруға болады және педагог-психолог Джунусова Г.Х. ата-аналарға баланың мектеп ортасына бейімделу кезіндегі кездесетін қиындықтардың себептері, оған ата-ананың көмегі туралы баяндамаларын оқып, кері байланыс жасады.
Ата-аналар өздеріне қажет сұрақтарға жауап алды.
Балабақша түлектеріне сәттілік тілейміз!