«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад «Жулдыз» села Акмол при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке саяхат

10.04.2025
09-сәуір күні "Жұлдыз" балабақшасының мектепалды даярлық топтары Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойыншы білім бөлімі Ақмол ауылының мектеп-гиназиясына саяхаттап барды.
Кезекті саяхат бүлдіршіндердің мектепке деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілді. Кішкентай саяхатшыларды мектеп директорының орынбасары Касенова Зауре Жақсылыққызы жылы шыраймен қарсы алып, мектеп ішіне экскурсия жүргізді. Мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық жоспарына сай өткізілген саяхат барысында балалар мектептің тыныс-тіршілігімен танысып, мектеп ішіндегі кітапханаға, бастауыш сыныбына, рәсім залына, дене шынықтыру залына, асханаға да барды. Содан соң олар түрлі түсті танымдық кітаптарды оқып, дене шынықтыру залында ойын ойнап, тақтаға өз есімдерін жазды. Балдырғандар тәрбиешілердің әр тапсырмасын бұлжытпай орындап, тапқырлығымен көзге түсті. Біз осындай өнегелі ортада балаларымыздың жақсы тәрбие алып жатқанына қуанамыз.
Просмотров: 114


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст