Балабақшада 15-сәуір күнінен бастап мектепалды даярлық топтарында оқу кестесіне сәйкес қорытынды ұйымдастырылған оқу қызметтері басталды. Алғашқы болып «Қарлығаш» тобының тәрбиешісі А.А Джакупбаева «Сауат ашу патшайымына қонаққа» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Оқу қызметі көңілді күй сыйлайтын шаттық шеңберімен басталды. Балалар жыл бойы алған білімдерін көрсете білді: жыл мезгілдерін, апта күндерін атап, дыбыстар мен дыбыстық талдау, буындап оқу, сөйлем құрастырып, ребустар шешіп өтті. Жалпы дайындық жоғары деңгейде, көрнекіліктер эстетикаға сай, жеткілікті болып жасалған. Тәрбиеші тақырыпты аша білді. Тәрбиеші балалардың тілін дамытуда ӨТШТ технологиясының элементтерін қолданды.
«Құлыншақ» тобының тәрбиешісі А.С.Нажмиденова «Математика еліне саяхат» қорытынды ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Шаттық шеңберімен бастап, ғажайып елге саяхат жасайтыны туралы айтты, балалардың қызығушылықтарын арттыра білді. Балалар геометриялық пішіндердің тапсырмаларын орындады. 1-ден 10-ға дейін тура және кері санау, адасқан сандарды табу, сандарды сәйкестендіру, кеңістікті бағдарлау сияқты тапсырмаларды жеке көрнекіліктермен жақсы орындап шықты. ӨТШТ технологиясының элементтерін қолданды, Воскобовичтің «Геоконт» ойыны арқылы түрлі түсті резенкелерден геометриялық фигуралар жасады.
Дене шынықтыру нұсқаушысы А.А Габидуллина «Теремок» ересек тобымен қорытынды «Секрет здоровья» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Балалар жалпы дамытушы жаттығулар, негізгі қимылдарды орындаудың қимылдық дағдылары және техникасын, жүру, жүгіру, тепе-теңдікті сақтау, сапқа тұру, еңбектей алды. «Атом және молекула» ойының үлкен қызығушылықпен ойнады.
Жалпы бүгінгі оқу қызметтері өте жақсы деңгейде болды. Балалар жыл бойы алған білімдерін көрсете білді.