«Жұлдыз» балабақшасында аудандық білім бөлімінің әдістемелік жұмысының жоспарына сәйкес «Мектепке дейінгі жастағы балалардың мінез- құлық қауіпсіздігінің негіздерін қалыптастыру» тақырыбында онлайн семинар өтті. Мақсаты: Білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі мақсаты тұрмыста қауіпсіз жүріс-тұрысты қалыптастыру, балалардың өрт қауіпті жағдайда барабар өзін-өзі ұстау дағдыларын меңгеру болып табылады.
Қатысушылар алдында балабақшаның тәрбиешілері ұйымдастырылған оқу қызметін өткізілу түрлерімен толық танысумен қатар, ой-пікірлерін ортаға салып, іс-тәжірибемен алмасты.
Ересек «Алтын ұя», «Балапан» топтарының тәрбиешілері Абдикова М.Б., Алмагамбетова Г.Б. «Қысқы қауіптер», мектепалды даярлық «Қарлығаш», «Құлыншақ» топтарының тәрбиешілері Джакупбаева А.А., Кадырбаева М.Е.
«Су тасқыны», «Жер сілкінісі кезіндегі кауіпсіздік ережелері» тақырыбында, орта «Балбөбек» тобының тәрбиешісі Беркимбаева Т.Ж. «Отпен ойнау қауіпті» тақырыбында өткізген ұйымдастырылған оқу қызметтеріне, ал музыка жетекшісі Калиева К.А. «Солнышко» тобымен ұйымдастырылған «Дон, дон, дон. Загорелся Кошкин дом» атты мюзиклға шолу жасады.