25.02.2021 ж. «Мемлекеттік тілді оқыту бойынша ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың қазақ тілі педагогтерімен аудандық шеберлік сыныбы өткізілді. «Жұлдыз» балабақшасынан қазақ тілі мұғалімі Әскербек Ақдана Болатбекқызы қатысты. «Солнышко» мектепалды даярлық тобының ата-аналарымен және балаларымен жұмыс көрсетілді.
Шебер сыныптың мақсаты: мемлекеттік тілді көпшілікке тарату, әрбір отбасында мемлекеттік тілде сөйлеуді қалыптастыру, мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту, ұлттық құндылықтар мен мәдениетті, салт-дәстүрлерді мемлекеттік тіл арқылы насихаттау, балалардың Отанға, елге, туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және тәрбиелеу.
Балалар әжесіне ауылға саяхат жасап, мақал-мәтелдер, ою-өрнектер, ұлттық тағам мен киім туралы білімдерін көрсетті. Үй тапсырмасы әр бала үшін жеке болды және олар ата-аналарымен бірге оны бейнеге түсірді.
Сайыстың қорытындысы бойынша Әскербек А.Б. 1 орынға ие болды және оның жұмысы облыстық кезеңге қатысуға жіберілді.
Жеңістеріңіз құтты болсын!