26.11.2024
25 қараша күні мектепалды «Алтын ұя» тобының тәрбиешісі Абдикова М.Б. «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында ашық ұйымдастырылған іс-әрекет өткізді.
Мақсаты: Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ақыл-ойын, сөздік қорларын, байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа баулу.
Іс-әрекет «Тамаша» ойынынан басталды, ғажайып сәт ретінде қонаққа Желаяқ келді. Балалар Желаяқтың достарын табуға және оның әкелген тапсырмаларын орындауға көмектесті. «Көңілді іздер» ойыны арқылы буындарды қосып айтып өтті. Асықтарда бейнеленген нөмірлер бойынша екі топқа бөлінді. Кейін сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдер айтты, сонымен қоса домино ойынын ойнады. Ары қарай балалар фонарикті қолдана отырып, қапта бейнеленген суретті әңгімелеп берді, масаны ұрып буындарды оқып берді, смайликтерден сөйлем құрап шықты. Балалар Желаяқтың достарын табу мақсатында барлық тапсырмалардың қызықты болғанын айтты. Желаяқ өзінің алғысын білдіріп қоштасты. Барлық бала белсенді және бірлескен іс-әрекетке оң көзқараспен қарады.