22.11.2024
18-22 қараша күндері аралығында жүзу нұсқаушысы А.А.Булхайдаров балаларды су бетінде,су астымен жүзуге және қарапайым қимылдарды орындауға үйрету; суда балалардың қол және аяқ қозғалыстарын, икемділікті дамыту; жүзу дағдыларын бекіту, қозғалмалы ойындар (бассейнде) арқылы балалардың денсаулығын нығайту; бір-біріне тілектестік қарым-қатынасты тәрбиелеу, қиын жағдайда көмек көрсету мақсатында «Біз көңілді баламыз» атты спорттық ойын-сауық ұйымдастырды.
Жүзу - бала тәрбиесінің маңызды буындарының бірі. Ол жан-жақты физикалық дамуға ықпал етеді. Жүзе білу адам өмірінде маңызды дағдылардың бірі болып табылады.
Жүзіп келем, жүзіп келем өзенмен,
Жүрегімнің шаршағанын сезем мен.
Алып кетіп барады ағыс ықтатып,
Тербеп толқын тыншытпақшы ұйықтатып.
О, жағалар, жасыл - жайсаң жағалар!
Жанады оттар, жарқылдайды жаңалар,
Демеймін мен сол жағалар оралар,
Кетсем қалғып жанған оттар жоғалар.