«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад «Жулдыз» села Акмол при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Бестемше”-зияткерлік ойыны” тақырыбында шебер-сынып

20.11.2024

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Каркабатова Г.А

“Бестемше” - зияткерлік ойыны” тақырыбында шебер-сынып өткізді.   “Бестемше” үстел үсті ойынын тәрбиеленушілер арасында іс-тәжірибеде қолданып келеді. 2024 жылдан бастап бала, педагогтар мен ата-аналар арасында «Үстел – үсті» бестемше ойыны әртүрлі түрде ұсынылған:   «Көктем» бестемше, «Жаз» бестемше «Хоккей» бестемше, «Баскетбол» бестемше, «Волейбол» бестемше, «Футбол бестемше, «Жүзу бестемше, «Ою бестемше», «Көкпар» бестемше, «Асық бестемше», «Ауладағы бестемше»,  т.б. Бұл ойынды өткізу арқылы кеңінен қолдануды қолға алу, зияткерлік ойынды жетілдіру мақсатында шебер-сынып ұжымға ерекше серпіліс берді. Балалардың қимыл-қозғалысын арттыру үшін командамен ойнау, балалардың шапшаңдық, ептілік, логикалық қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді. Ұлттық спорт түрі - Бестемше ойыны арқылы балалардың зияткерлік қабілетін дамыту, тарихқа құрметпен қарауға, адамгершілік пен салауатты өмір салтының негіздерін берік қалыптастырған азаматты тәрбиелеу - бүгінгі салауатты қоғамның басты ұстанатын қағидасының бірі болуы керек деген ой түйгендігі шебер-сынып барысында қатысушылардың жүздерінен байқалды. Көптеген елдер бестемшені бала тәрбиесінің математикалық қабілетін арттырудың озық үлгісі ретінде дамытуда. Бестемше ойынында ұсақ шарларды ұстау кезінде қол қозғалысы арқылы ми және жүйке талшықтарына әсер етеді. Бестемше ойынын қолдану - тәрбиеленушілердің ақыл-ой белсенділігінің дамуы, бәсекеге қабілеттілікке бейімделуі, имидждің қалыптасуы, ата-аналармен серіктестік қарым-қатынасқа қол жеткізу арқылы жүзеге асады. Тәрбие ісін жандандыру мәселелерінің оң шешімін табуға мол мүмкіндік беретіндігіне тәжірибе барысында көз жеткізілді.

 

Просмотров: 39


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст