«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад «Жулдыз» села Акмол при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ойын іс-әрекеті арқылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту моделін іске асыру» атты аудандық семинар

18.11.2024

2024 жылдың 15 қараша күні «Жұлдыз» балабақшасында «Ойын іс-әрекеті арқылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту моделін іске асыру» атты семинары өтті.

Мақсаты: дербес, ізденімпаз және сыни тұрғыдан ойлайтын балаларды қалыптастыру мен әлеуметтендіруді көздейтін мектепке дейінгі мекеменің даму шешу жолдарын көрсету.

Семинарға аудандық мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту әдіскері, балабақша меңгерушілері, әдіскерлері,  тәрбиешілері, педагогтары қатысты.

«Жұлдыз» балабақшасының тәрбиеленушілері дайындаған музыкалық сәлемдеме көрсетілді.

Алғы сөзбен шыққан балабақша меңгерушісі О.А.Баранова қатысушыларды семинардың бағдарламасымен таныстырды. Барлықтарына сәттілік тіледі.

Кіріспе сөзді балабақша әдіскері П.Б.Нысанова  мектепке дейінгі білім беру ұйымында ойын әрекеттерін ұйымдастыру туралы айтып өтті. Бала бойында балабақшаға деген жағымды эмоционалды қарым-қатынас қалыптастыру, білім бере отырып жағымды әсерлермен байыту, мектепке дейінгі балалардың зияткерлік және әлеуметтік дағдыларын,ьбелсенді шығармашылық әрекетін дамыту керектігін айтып өтті.

Негізгі бөлімде қатысушылар «Ақ бота» мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Насырова Альбина Болатқызы «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында, «Алтын ұя» мектепалды даярлық тобымен  өнер пәні мұғалімі Камзенова Анар Куандыковна «Түстер әлемі» тақырыбында, «Алтын әтеш»  балабақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы Жунусова Айдана   Бекенқызы «Шынықсаң, шымыр боласың»  тақырыбында, Муратбаева Айбазар Асарбаевна, Кожабекова Турар Умиртаевна, Камал Сәбира Қанатбекқызы дайындаған «Қызықты ойын әлемі» тақырыбында кіріктірілген іс-әрекеттерді тамашалады, мұнда әртүрлі ойын алаңдарында  жұмыс істей отырып, сюжетті-рөлді ойындары арқылы балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру көрсетілді.

«Жұлдыз» балабақшасының педагог-психологы Джунусова Гульнар Хаировна, «Балауса» бөбекжай-бақшасы» МКҚК педагог-психологы Жунусова Майра Зейнишевна «Педагогикалық шеберхана: өз эмоцияларын қалай кепілге алмау», тәрбиеші Ахметова Айдана Хасеновна «Мектепке дейінгі оқыту мен  тәрбие беруде ұлттық құндылықтарды күнделікті дәріптеудің тиімділігі; қазақ тілі мұғалімі Смагулова Айнагуль Айтбаевна  «Қазақ тілі ұйымдастырылған  іс-әрекетінде ұлттық құндылықтарды игеру арқылы жеке тұлғаны дамыту»; дене шынықтыру нұсқаушысы Габидуллина Анара Ануарбековна  «Секіру батуттарын қолдана отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың қозғалыс белсенділігін дамыту»; логопед мұғалімдері Мейрханова Гулмира Жетбисбаевна, Берикболова Гулжан Доскалиевна «Ерекше білімді қажет ететін балалардың сөйлеу тілін дамыту тәсілдері»; дене шынықтыру нұсқаушысы Каркабатова Гульнар Алданиязовна «Алаңдағы  бестемше» – зияткерлік ойыны атты шебер сыныптар көрсетті.

Семинардың қорытынды бөлімінде қатысушылар семинар бойынша өз пікірлерін білдірді. Соңыңда семинарды ұйымдастырғаны үшін педагогтарға сертификат  берілді.

 

Просмотров: 75


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст