28 қазан күні «Жұлдыз» балабақшасында «Баланың сөйлеу тілі – саусақтың ұшында» атты тәрбиешілерге арналған семинар-практикумы өтті. Жалпы тілі дамымаған балалармен жұмыс барысында нейрожаттығулардың маңызы зор. Жалпы адамның интеллектуалды және творчестволық қабілеттері бір - бірімен тығыз байланысты екенін - Кинизиология ғылымы зерттейді. Кинизиология арнайы қимылдарды пайдалана отырып ми қабыршықтарын дамытады. Семинарды балабақшамыздың психологы Джунусова Г.Х. «Жақсы көңіл күй» тренингінен бастады, тақырыптың өзектілігі жайында логопед мұғалім Мейрханова Г.Ж. тәрбиешілерге ақпарат беріп түсіндіріп айтты. Әдіскер Айкелова А.М. бірнеше нейрожаттығуларды үлестірмелі түрде көрсетіп, өзінің тәжірибесімен бөлісті. Ұсақ қол моторикасына арналған «Күн сәулесі», «Жіпті түтікшіден өткіз», «Балапанды қоректендір» және т.б. ойындарды логопед Берикболова Г.Д. дайындап өткізді.Сонымен қатар тыныс алу жаттығулары туралы ақпарат бере отырып, өнер пәні мұғалімі Камзенова А.Қ. және «Ақ бота» тобының тәрбиешісі Насырова А. Б. командалық тыныс алуға байланысты ойындарды дайындады. Бұл ойындар арқылы балалардың тілдік сөйлеу байланысы жақсарады, балалардың танымдық және сөйлеу іс-әрекеттеріне деген қызығушылығын арттырады. Нәтижесінде балалардың тілі, қимыл – қозғалысы мен икемділігі айтарлықтай дамиды.