«Жұлдыз» балабақшасында 03 қазаннан бастап пилоттық жобаларды өткізу жұмыстары жүргізілуде. Жобаға ересек «Қарлығаш» негізгі топ - бала саны 25 және ересек «Бәйтерек» бақылау тобы -25 бала қатысады.Өңірлік әдіскердің қатысуымен 3 айға жұмыс жоспарын тәрбиешілер әдіскерлермен бірге жасады. «Қарлығаш» тобында тәрбиешілерінің күн тәртібі, заттық-кеңістіктік дамытушы орталары құрылды. 05-қазан күні апробация өткізілетін «Қарлығаш»тобының ата-аналарымен жиналысы болды. Балабақша меңгерушісі Баранова О.А. ата-аналарды жоба барысымен таныстырды. Қазан-желтоқсан айларында бағдарлама бойынша екі тәрбиеші жұмыс істейтінін, бұл тәрбиешілерге баланың қызығушылығын көбірек қолдауға, оған жеке көңіл бөлуге және үйлесімді дамуына жағдай жасауға мүмкіндік берілетіні айтылды. Ата-аналар өте жақсы қабылдады. Ойын аймақтарының анықтылығын, қолжетімділігін, қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып білім беру міндеттерін шешу үшін топтың безендірілуіне көңіл бөлуге иллюстрациялар, кестелер, оның ішінде балалардың қолымен жасалған заттарды, жеке жұмыстарын толықтыру бойынша кеңес берілді. Баланың дербес әрекеттеріне, ойын кезінде балалармен еркін диалог құру және оны қолдау, балаларды көбірек сөйлеуге, бір-бірімен сөйлесуге, балалардың өз ойын өздігінен іске асыру үшін кеңістікті жабдықтарын толықтырып мәселелерді шешуге жоспарлар құрылды.